Сервистік қолдау
Сіздің орналасқан жеріңізге қарамастан, біздің тармақталған дилерлік желіміздің арқасында Сіз автокөлікті қолдану, қызмет көрсету немесе жөндеумен байланысты сұрақтар бойынша біздің тұрақты қолдауымызға сене аласыз.
Барлық дилерлік орталықтардың өзінің иеліктерінде қажетті жабдықтары, жоғары білікті қызметкерлер бар және тек бірегей қосалқы бөлшектерді қолданады.
Қосалқы бөлшектер
Сіз әрдайым біздің ресми дилерлік желіміз арқылы өзіңіздің автокөлігіңіз үшін қажетті бірегей қосалқы бөлшектерді сатып ала аласыз.
Дистрибьюторлық жүкқойманың ішінде сіздің автокөлігіңізді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету үшін қажетті 90% қосалқы бөлшектерге дейін бар.
Тек бірегей қосалқы бөлшектерді қолдану Сіздің иелігіңіздегі көліктік құралыңыздың қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Кепілдікті қызмет көрсету
Ресми дилерлік желі арқылы сатып алынған Foton коммерциялық техникасының барлығына зауыттық кепілдік таралады. Автокөлікке минималды кепілдік мерзімі модельге байланысты 4 жылды немесе 150 мың км.
Ресми дилерден сатып алынған Foton бірегей қосалқы бөлшектеріне кепілдік: қосалқы бөлшектер авторизацияланған дилерлік орталықтың сервистік станциясында орнатылатын шартында 12 ай немесе 20 000 км (қайсысы ерте болуына байланысты).
Кепілдік саясаты Foton коммерциялық техникасын кепілдік мерзімінде қолданған кезінде клиенттерді барынша қанағаттандыруына бағытталған.
Кепілдік міндеттемелеріне қатысты нақты ақпаратты Сіз өзіңіздің дилеріңізден біле аласыз.